Publications
Қазақстанның Әкімшілік рәсімдік процестік кодексін (ӘРПК) қолдану бойынша ақпараттық брошюра
Publishing date: 13 желтоқсан 2022
Content type: Брошюра
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Құқық үстемділігі
Publisher: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі
ӘРПК-ні қолдану бойынша ақпараттық брошюрасы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің қолдауымен мемлекеттік органдар мен қалың жұртшылыққа құқықтық білімді көтеру мақсатында әзірленді. Брошюрада ӘРПК деген не, оны не үшін қолданатындығы, оның беретін мүмкіндіктері, сонымен қатар брошюрадағы аталған тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы қысқаша ақпарат бар.
Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0
Publishing date: 14 маусым 2017
Content type: Нұсқау / Оқулық / Анықтамалық
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: БАҚ бостандығы және дамуы
Publisher: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі
Бұл оқу құралы журналистерге қазіргі технологияларды пайдаланумен жаңа медиа өнімдер жасауға көмек көрсетуге және жаңалықтар дереккөзі ретінде Ғаламтордың жылдам дамуына олардың жеңіл бейімделуіне бағытталған. Оған мультимедиялық аутрич-жұмыс, көзбен шолып көретін бейнелер жасау, лонгридтер, сторителлингтер, фактчекингтер мен дата журналистика сияқты ақпарат құралдары саласындағы жаңа тенденцияларды талдау және түсіну кіреді. Сонымен қатар, құралда іскерлік және халықаралық журналистиканың, журналистік этиканың, шиеленістерді жариялаудың жаңа форматтары, көп этникалық мәселелерге сезімтал қатынастың маңыздылығы, сондай-ақ журналистік қауіпсіздік бейнелеп көрсетілген. Кітап журналистерге, БАҚ саласындағы сарапшыларға, мемлекеттік қызметшілерге, ғалымдарға, оқытушыларға, университеттер студенттеріне және БАҚ пен журналистиканың дамуына мүдделі кең жұртшылық тобына ұсынылады. Оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Хельсинки Қорытынды актісі (1975) және Астана Саммиті (2010) мерейтойына орай ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері
Publishing date: 27 шілде 2016
Content type: Кітап
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Politico-military dimension, Қауіпсіздік секторы саласындағы реформалау және ынтымақтастық
Publisher: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі
2015 ж. 23 қазан күні Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп, «Хельсинки Қорытынды актісі (1975) және Астана Саммиті (2010) мерейтойына орай ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Аталған жинаққа ЕҚЫҰ қызметінің негізгі міндеттері мен қамтитын мәселелердің кең ауқымын, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін сараптайтын конференцияның қазақстандық және шетелдік қатысушыларының баяндамалары енді. Басылым саясаттанушылар, халықаралық қатынастар мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның заманауи дамуы мәселесіне қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымына арналған. Басылым ағылшын және орыс тіліндегі нұсқасында қолжетімді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) және АЖ/ТҚҚ мақсатында тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау нұсқаулығы
Publishing date: 23 маусым 2015
Content type: Нұсқау / Оқулық / Анықтамалық
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Тиісті басқару
Publisher: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі
Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаулық, 6-басылым (Бейресми аударма)
Publishing date: 1 сәуір 2015
Content type: Нұсқау / Оқулық / Анықтамалық
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Сайлау
Publisher: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі